Асығы алшысынан түскен күн: журналистер арасындағы тартысты дода
Қостанай өңірінде ұлттық спортты жаңғыртуға бағытталған игі бастамалар жүйелі түрде жалғасып келеді. Соның бір дәлелі – журналистер арасында дәстүрге айнала бастаған асық ату жарысы. Биыл бұл дода екінші рет ұйымдастырылып, оған облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері белсенді қатысты. Бұл – тек спорттық сайыс қана емес, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің, ұмыт бола бастаған ойындарды қайта жандандырудың нақты көрінісі. Жарыс Қостанай жоғары педагогикалық колледжінде өтті. Жеті команда бақ сынаған бұл сайыста қатысушылар тек мергендік қабілеттерін ғана емес, ептілік [...]












