Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде: «Жаңа экономика құру үшін жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру маңызды
2025 жылға қарай елімізде беделді шетелдік университеттердің кемінде 5 филиалын ашу қажет деп санаймын. Бұл ретте техникалық еңістігі бар ЖОО-ның екі филиалын еліміздің батысында ашу қажет. Жалпы, бәріміз білімге деген көзқарасты өзгертуіміз керек. Гуманитарлық мамандықтарға әуестену кезеңі өтті, техникалық мамандықтарға басымдық беру керек. Инженерлер мен өнеркәсіпшілердің жаңа буынын өсіру қажет», — деп атап өтті. Осы орайда, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Қостанай облыстық филиалы жол саласы мамандығына жастардың бетбұрыс жасау үшін кездесулер өткізіп жүргенін айта кеткім келеді. «Жол активтерінің [...]












