Алаштың ардақтысы
«Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, өткізбей қараңғыда бекер жасты» деп кең даласында алаңсыз өмір сүріп, малын бағып, бейқам халқын оятып, оларды ілім-білімге шақырған тіл, ұлт жанашыры Міржақып Дулатұлы халық тарихында аштықтан зардап шеккен адамдарға көмектесетін алғашқы қор құрған қоғам қайраткері. Қазақтың аса көрнекті ағартушысы, ақын, жазушы, қоғам қайраткері әрі жалынды көсемсөз шебері, әдебиеттің әр түрлі жанрына қалам тартқан қаламгер Міржақып Дулатұлы 1885 жылы 25 қарашада Торғай уезінің, Сарықопа облысының бірінші ауылында дүниеге келген. Ол орта жүздің Арғын тайпасының бөлігі [...]












