Балалар күні: өнер, ойын және шаттық мерекесі
Балалардың шат күлкісі мен қуанышқа толы дауысы Тобыл қаласын ерекше мерекелік атмосфераға бөледі. 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған «Өлкенің гүл жайнаған балғындары» мерекесі жүздеген бүлдіршіннің басын қосып, балалық шақтың бояуын айшықтаған жарқын оқиғаға айналды. Өнер мен ойын, білім мен шығармашылық тоғысқан мерекеде әр бала өзін ертегі әлемінің кейіпкеріндей сезінді. Таңғы сағат 10.00-де Тәуелсіздік аллеясы мен «Алтын дән» аудандық мәдениет үйінің алаңы балалардың шаттыққа толы мекеніне айналды. Түрлі түске боялған мерекелік алаңдарда бүлдіршіндер асыр салып ойнап, шығармашылықпен [...]












