Жас шеберлердің қолтаңбасы
Н. Наушабаев атындағы мектеп-гимназияда көркем еңбек сабағы тек білім беру алаңы ғана емес, ұлттық мұраны жаңғыртатын шығармашылық ордаға айналған. Мұнда оқушы қыздар қолөнердің қыр-сырын меңгеріп қана қоймай, өз қолдарымен ұлттық киімдер мен әшекей бұйымдарын жасап, ата-баба дәстүрін жалғастыруда. Әсіресе, Наурыз мейрамы қарсаңында мектеп шеберханасында қызу еңбек басталады. Әрбір оқушы ерекше бұйым жасап, оны жақындарына тарту етуге асығады. Ұстаз Гульнара Жұмағұлқызы шәкірттеріне тігін мен кестелеуді үйретумен қатар, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілікті де [...]












