Салықтық түсімдер: аудан дамуының негізі
Әлемдік экономиканың тұрақсыз жағдайында өңірлік бюджеттердің орнықтылығы ерекше маңызға ие болып отыр. Салық түсімдерінің толық әрі уақытылы жиналуы инфрақұрылымды дамытуға, әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға және аумақтардың экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге тікелей әсер етеді. Сондықтан бүгінгі күні мемлекеттік кірістер органдарының жұмысы тек салықтарды әкімшілендірумен шектелмей, экономиканың ішкі резервтерін анықтауға да бағытталуда. Қостанай ауданы Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Бауыржан Әлмағанбетовтың айтуынша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметі бюджетке түсетін түсімдерді қамтамасыз етуге, салықтық берешекті азайтуға және бюджет кірісінің қосымша [...]












