Құрметті жерлестер!
Келе жатқан Құрбан айт мерекесімен біздің шынайы құттықтауымызды қабыл алыңыздар! Кұрбан айт – әлемдік деңгейде мойындалған және барша мұсылман қауыммен тойланатын қасиетті діни мереке. Миллиондаған мұсылмандар үшін бұл күн өзінің төзімділігімен, жақсылығымен, адамгершілігімен, жақынына деген қамқорлығымен ерекшеленеді. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін әлеуметтік-экономикалық саламен қатар мәдениет пен руханияттың дамуы да жаңа серпіліске ие болды. Ұлттық мерекелерді жаңғырту бойынша Мемлекет басшысының бастамасының арқасында Құрбан айт бүгінгі күні мемлекеттік деңгейде атап өтіледі. Бұл маңызды мейрам таңғы айт намазын оқумен және малды құрбандыққа шалу рәсімінен [...]












