Құрметті жерлестер!

Құрметті жерлестер!

Келе жатқан Құрбан айт мерекесімен біздің шынайы құттықтауымызды қабыл алыңыздар!

Кұрбан айт – әлемдік деңгейде мойындалған және барша мұсылман қауыммен тойланатын қасиетті діни мереке. Миллиондаған мұсылмандар үшін бұл күн өзінің төзімділігімен, жақсылығымен, адамгершілігімен, жақынына деген қамқорлығымен ерекшеленеді. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін әлеуметтік-экономикалық саламен қатар мәдениет пен руханияттың дамуы да жаңа серпіліске ие болды. Ұлттық мерекелерді жаңғырту бойынша Мемлекет басшысының бастамасының арқасында Құрбан айт бүгінгі күні мемлекеттік деңгейде атап өтіледі.

Бұл маңызды мейрам таңғы айт намазын оқумен және малды құрбандыққа шалу рәсімінен бастау алады. Осылайша, мұсылмандар өздерінің жаратушыға және Құдайдың өсиетіне деген адалдықтарын білдіреді. Шынайы сенімнің салтанатын білдіретін қайырымдылық игі істер жасайды.Адамдар бір біріне қонаққа барып, мейірімділік пен жылулықты білдіреді, мерекелік дастархан жайылады, ал дауласып қалғандар болса, олар қайта татуласады. Осы күндерде туған-туыс пен таныс жақындарының көмегіне  зәру болған аз қамтылған азаматтарға, жетімдерге қамқорлық білдіру игі іс болып табылады. Осындай іс-әрекеттер қоғамдағы жақсылық, тұтастық пен өзара құрмет көрсету аясын бекітуге өз септігін тигізеді.

Төзімділік қағидаларын және діни-адамгершілікті өрістету беріктілігі, барша конфессия өкілдерінің ғасырлық салт – дәстүріне ұқыпты және құрметпен қарау, болашақта да ұлттарды біріктіруге, бірлікті бекітуге және біздің еліміздегі тұрақтылықты сақтауға жағдай жасайтынына сенімдіміз.

Құрбан айт денімізге күш-қуат пен жаңашылдыққа серпін сыйлап, жақсылық пен игі істерге бағыттасын. Әр шаңыраққа, әрбір отбасына қуаныш пен үміт дарытсын. Барлықтарыңызға бейбітшілік, жақсылық пен молшылық тілеймін!

Жансұлтан ТАУКЕНОВ,
Қостанай ауданының әкімі
 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!