Ойында да ой бар
Қазақ халқында «Баланы ойын өсіреді» деген даналық сөз бар. Расында, баланың ойын арқылы тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, ұлттық ерекшелік, дәстүр жайлы танымы, түйсігі қалыптасады. «Тәрбие – талбесіктен» демекші, рухани жаңғыру шеңберінде тәрбие мен білімді қатар беретін уақытымыз жетті. Ендеше, біліктілігімді шыңдай отырып, балаларды өзара сыйластыққа, бауырмалдыққа, татулыққа тәрбиелеу – менің мерейлі мақсатым. Ойын – мектеп жасына дейінгі кезеңде басталып, адаммен өмір бойы ілесіп жүретін ерекше қызмет түрі. Біздің шағын орталықтағы ойындар бүлдіршіндердің ізденімпаздығына негізделеді. Сондықтан дәстүрлі ойыннан гөрі ақпараттық-коммуникативтік технологияларды (АКТ) пайдалана отырып, [...]