Міндетті әлеуметтік сақтандырудың артықшылықтары
Қазақстанда мемлекеттің, жұмыс берушінің және азаматтың қатысуы қамтамасыз етілген халықты әлеуметтік қорғаудың көпдеңгейлі жүйесі қалыптасты. Нарықтық экономика жағдайында рөлі басым болып табылатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жұмыс істейтін халық үшін Қазақстан Республикасында 2005 жылдан бастап енгізілген халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің екінші деңгейі болып табылады. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде әлеуметтік аударымдарды жинақтайтын және әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезде әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыратын Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры орталық орынды алады. Міндетті әлеуметтік сақтандыру еңбекке қабілеттіліктен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүктілікке және босануға байланысты кірісінен айырылу, [...]












