«Тәрбиесіз алған алған білім – адамзаттың қас жауы» деген сөз растығы өмір тәжірибесінде талай дәлелденген

«Тәрбиесіз алған алған білім – адамзаттың қас жауы» деген сөз растығы өмір тәжірибесінде талай дәлелденген

 Баланы тұлға ретінде қалыптастыру үшін оның тәрбиесіне  оқу үдерісінің барлық қатысушылары ат салысуы тиіс. Ол – мектеп, ата-аналар, мұғалімдер, қоғам.

Бүгінгі таңда  мектепте  басқаруға байланысты туындаған мәселелердің шешімін табу үшін  мектеп басшысы мен педагогикалық кеңес ғана емес, сонымен қатар мектеп оқушылары да қатысуда. Бұл үшін мектепте Мектеп Парламенті құрылған. Парламент – оқу-тәрбие процесінің мәселелерін шешуде мектеп әкімшілігінің таптырмас көмекшісі.

Парламентте мектеп оқушылары мен мұғалімдер бірлесе жұмыс жасап, маңызды мәселелерді шешуде толыққанды серіктес бола біледі.  Бұлай айтуға толық негіз бар. Себебі, мемлекеттік тілде оқытатын Ахмет Байтұрсынұлы атындағы  жалпы білім беретін мектебінде бір жыл  бойы Мектеп Парламенті мүшелерінің атқарған жұмыстары айтарлықтай.

Мектеп Парламенті жұмысының арқасында мектепте экологиялық, зияткерлік, спорттық, дебаттық, музыкалық және шығармашылық  бағыттар бойынша балалар өз нәтижелерін көрсетуде. Оқушылардың  барлық бағытта қызығушылықтары артып, түрлі іс-шараларға қатысып, биіктерден көрінуде. Осы орайда, жақында   жылдың қорытындысы бойынша Мектеп Парламенті мүшелерін марапаттау рәсімі  өтті.

 

Дидар ТАПЕЛОВА,
мемлекеттік тілде оқытатын
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы
жалпы білім беретін мектебі,
педагог

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!