Атом энергетикасы: ғылым мен инновация өрісі
АЭС еліміздің ғылыми әлеуетін арттыруда айрықша маңызға ие. Ол тек энергия көзі емес, сонымен қатар медицинада кеңінен қолданылып, өндіріс пен өнеркәсіптің дамуына ықпал етеді. Алғашқыда біздің институт ядролық физика, материалтану, ядролық және радиациялық қауіпсіздік, радиохимия сынды бірнеше бағыт бойынша іргелі зерттеулер жүргізіп, кейбірінде қолданбалы зерттеулерге ауысты. Осы зерттеулер нәтижесінде медицина мен өнеркәсіп салаларына арналған радиофармацевтикалық препараттар мен радиоизотопты өнімдер шығаруды жолға қойдық. Қазір радиофармпрепараттармен Астана, Алматы, Семей, Шымкент қалаларындағы ауруханаларды өмірлік маңызды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіп жатырмыз. Яғни елімізде өндіріліп отырған [...]












