Қостанай ауданының әкімі аға буын өкілдерін Халықаралық қарттар күнімен құттықтады
Құрметті аға буын өкілдері, еңбек ардагерлері, зейнеткерлер! Сіздерді Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке тек жасқа деген құрмет емес. Бұл біздің сүйікті ата- әжелерімізге, еңбек ардагерлеріне, тәлімгерлерге көпшіліктің назарын аударуға бағытталған күн. Алғыспен, құрметпен біз сіздердің еңбектеріңіз бен жетістіктеріңіз туралы айтамыз. Сіздердің күнделікті жас ұрпаққа үйрететін тәжірибелеріңіз бен даналықтарыңыз баға жетпес сыйлық. Өз ісімізде қателіктер жібермеу үшін біз сіздердің кеңестеріңізді тыңдауымыз қажет. Бұл күнді біз - өз өмірлерін туған өлкеге арнаған, осында ұзақ жылдар өмір сүрген және жұмыс істеген, тарихымызды [...]












