Warning: "continue" targeting switch is equivalent to "break". Did you mean to use "continue 2"? in /var/www/vhosts/customer/arna-news.kz/httpdocs/wp-content/themes/porto/inc/admin/ReduxCore/inc/extensions/customizer/extension_customizer.php on line 376

Warning: "continue" targeting switch is equivalent to "break". Did you mean to use "continue 2"? in /var/www/vhosts/customer/arna-news.kz/httpdocs/wp-content/themes/porto/inc/admin/ReduxCore/inc/extensions/customizer/extension_customizer.php on line 398

Warning: "continue" targeting switch is equivalent to "break". Did you mean to use "continue 2"? in /var/www/vhosts/customer/arna-news.kz/httpdocs/wp-content/themes/porto/inc/admin/ReduxCore/inc/extensions/customizer/extension_customizer.php on line 416

Warning: "continue" targeting switch is equivalent to "break". Did you mean to use "continue 2"? in /var/www/vhosts/customer/arna-news.kz/httpdocs/wp-content/themes/porto/inc/admin/ReduxCore/inc/extensions/customizer/extension_customizer.php on line 420

Warning: "continue" targeting switch is equivalent to "break". Did you mean to use "continue 2"? in /var/www/vhosts/customer/arna-news.kz/httpdocs/wp-content/themes/porto/inc/admin/ReduxCore/inc/extensions/customizer/extension_customizer.php on line 447

Warning: "continue" targeting switch is equivalent to "break". Did you mean to use "continue 2"? in /var/www/vhosts/customer/arna-news.kz/httpdocs/wp-content/themes/porto/inc/admin/ReduxCore/inc/extensions/customizer/extension_customizer.php on line 459

Warning: "continue" targeting switch is equivalent to "break". Did you mean to use "continue 2"? in /var/www/vhosts/customer/arna-news.kz/httpdocs/wp-content/themes/porto/inc/admin/ReduxCore/inc/extensions/customizer/extension_customizer.php on line 478
Қостанай ауданының құрама командасы облыстық спартакиадада тарихи жетістікке жетті! - ARNA NEWS | сайт газеты Арна

Қостанай ауданының құрама командасы облыстық спартакиадада тарихи жетістікке жетті!

Қостанай ауданының құрама командасы облыстық спартакиадада тарихи жетістікке жетті!

384 ұпаймен аудандар арасында бірінші орынға ие болған спортшыларымыз  Қостанай қаласының командасына 4-ақ ұпайға ұтылды. Рудный қаласының командасын 5 ұпайға қалдырған спортшыларымыз үлкен жетістікпен екінші орынды иеленді.

Қостанай ауданы әкімдігі отырысында  дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы  Мылтықбай Абдуайтов осындай қуанышты хабармен бөлісіп,135 спортшы, 29 бапкерлер мен төрешілердің 16 спорт түрлері бойынша бақ сынасқанын айтты.

Аудан әкімі Берік Таңжарықов 19-22 қыркүйекте Қарабалық ауданында өткен Қостанай облысының XXXVII жазғы спартакиадысынындағы жетістік үлкен еңбектің нәтижесі екенін атап өтті. Аудан әкімі Мылтықбай  Жұмабайұлына шын жүректен алғыс білдіріп, аудандық құрама командасына жылы лебізін жеткізді.

-Біз енді алдағы жылды жоспарлауымыз керек. Қандай кемшіліктер болды, неліктен жеңіл атлетикадан көрсеткіш төмендеді, футбол командасы неліктен іріктеу ойындарынан өте алмай қалды? Сұрақтар бар. Сараптаңыздар, зерделеп ой түйіңіздер. Кемшіліктерімізді ашық айтып, жұмыс жасауымыз керек. Қажет болса қосымша қаражат қарастырамыз, деді Берік Қуанышұлы.

Сонымен қатар аудан әкімі барлық спорттық нысандардың толыққанды жұмыс істеуі керек екенін айтты. Олар қаңырап бос тұрмауы керек. Күнделікті жастардың спортпен айналысуына жағдай жасалуы керек екенін ескертті.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!