Түбі бір түркі жұрты – стратегиялық әріптестік жолында
2025 жылы 7 қазанда Әзербайжанның көрікті Габала қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) XII саммиті өтті. Бұл маңызды халықаралық жиын Габаладағы заманауи Конгресс-орталықта ұйымдастырылды. Саммитке ұйымға мүше және байқаушы мәртебесіндегі мемлекеттердің басшылары қатысты. Басқосу түркі әлемінің ынтымақтастығын тереңдетіп, саяси, экономикалық және мәдени байланыстарды нығайтуды көздеді. Саммитке Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Сонымен қатар, Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоған, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев, Мажарстанның Премьер-министрі Виктор Орбан, Түрікменстан Халк [...]












