Білім беру саласы назарда
Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы 10 басымдықтан тұрады. Бұл елдің одан әрі өркендеп, тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін шешілуі тиіс міндеттер. Жаңарудың, өміршеңдіктің негізі жастар болып табылады. Жастардың тәлім-тәрбие мен ғылымға баса мән беріп, жаңаша бағытта біліммен мықтап қарулануы – білім беру саласына оң нәтиже бермек. Білім беру саласы елбасымыздың қай жолдауында болсын,назардан тыс қалып көрген жоқ. Биылғы Жолдауда да білім саласын қамтитын төртінші басымдылыққа айрықша мән берілді. Төртінші басымдық адами капитал сапасын жақсарту [...]












