Ұлттық теңге – мақтанышым
Алтын дала ауылдық кітапханасында 15 қараша - Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы -Теңге күніне орай «Ұлттық теңге – мақтанышым » атты тарихи керуен өтті. Іс-шара барысында кітапханашы теңгенің шығу тарихымен таныстырып, оқушылар туған елі, ұлттық валютамыз туралы тақпақтар оқыды. Сонымен қатар балалар викторинаға қатысып, теңгені жасаушы дизайнер, теңгенің алғашқы нұсқасы қай елде шыққаны жайлы, еліміздің тәуелсіздігіне неше жыл толғаны туралы сұрақтарға жауап іздеп, белсенділік танытты. Ойын барысында жеңген топқа тәттілер үлестірілді. Соңынан оқушылар «Ұлттық теңге -мақтанышым» атты кітап көрмесімен танысып, [...]