Өлең мен өнеге өрілген кеш
Тобыл өңірінің мақтанышы, ардақты ақын Ақылбек Шаяхмет Жамбыл ауылы орта мектебінің оқушыларымен кездесті. «Ақын мен ақыл» деп аталған жылы жүздесу жас буынға рухани серпіліс сыйлаған тағылымды кешке айналды. Танымал ақын, көсемсөзші, драматург, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, профессор, қоғам қайраткері Ақылбек Шаяхмет – өскелең ұрпаққа өнеге болар айтулы тұлға. Қаламгердің бай шығармашылығын насихаттау – бүгінгі руханият үшін аса маңызды. Жамбыл орта мектебінде өткен іс-шараны ақынның биылғы 75 жас мерейтойы қарсаңындағы игі бастамалардың бірі деуге болады. Кездесуге Қостанай ауданының құрметті азаматы, [...]












