Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік тілді неге білмейді?
Биыл еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығы тойланады. Әрбір қазақстандық үшін маңызды уақытты саралап, өткенге ой салсақ еліміздің жеткен жетістіктеріне мақтанасың. Бірақ, әттеген-ай да жоқ емес. Ол - ана тіліміздің мәселесі. Жақында жазушы Роза Мұқанова Facebook-тегі парақшасында: «Таңертең емханаға анализ тапсыруға бардым. 28 бен 50 жас аралығындағы кілең қазақ. Бәрі жоғары білімді. Өйткені бұл клиника Президенттің іс басқармасына қарайды. Демек бәрі – мемлекеттік қызметшілер. «Соңы кім?», деп сұрадым, талон беретін аппарат істен шыққаны көрініп тұр. Бәрі одырая қарады. Шамасы, мынау не айтып [...]