Қостанай ауданының әкімі күллі мұсылман қауымын қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтады
Құрметті жерлестер! Қасиетті Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Рамазан айының аяқталуын белгілейтін бұл мереке исламның ғасырлар бойғы дәстүрлерін және оның ең маңызды рухани құндылықтары – жақсылық, жомарттық пен мейірімділікті бейнелейді. Қасиетті Рамазан айы бүкіл әлемдегі мұсылмандар жүректеріне жақсы ниет ұялатып имандылығын дамытады. Ораза айт мерекесі сенімді нығайтады және игі істерді орындауда, жақындарға қонақжайлылық пен жомарттық, мұқтаж жандарға жанашырлық және ерекше қамқорлық көрсету жолында күш береді. Біздің халқымыз өз мысалында исламның келісім мен толеранттылық, жасампаздық пен үйлесімділік діні екенін әрдайым дәлелдеп келеді. [...]












