Қостанай ауданының әкімі аймақ тұрғындарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қостанай ауданының әкімі аймақ тұрғындарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіздік – бұл біздің ең қастерлі де қасиетті, баға жетпес құндылығымыз!
Жер бетіндегі қай халық үшін де тәуелсіздіктен биік ұлы мұрат жоқ. Еліміздің Тәуелсіздігі – ұлтымыздың ежелден еркіндік аңсаған асқақ рухының және ұлт тарихындағы барлық азаттық үшін болған күрестердің көк байрақты жеңісі.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары еліміздің шекарасы бекітіліп, Негізгі заңды қабылдадық, Қазақстан Республикасының әлемдік аренада мықты мемлекет ретінде одан әрі дамуына бағыт алдық, онда экономика мен әлеуметтік саланы дамыту мемлекеттік саясаттың бағдары болды, ал қазақстандықтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау басты басымдық болып қала береді.

Саяси реформалармен қатар ел дамуының басымдығы халықтың жалпыұлттық шоғырлануын, тұрақтылығын, жасампаздығы мен қоғамдық келісімін сақтау болып табылады.

Қазақстан тәжірибесі барлық сынақтарды тек халықтың бірлігі арқылы жеңуге болатынын көрсетіп отыр. Туған еліміздің тағдыры үшін әрқайсымыздың қатыстығын сезіну бізге одан да үлкен жетістіктерге жетуге және Жаңа Қазақстанды бірге құруға көмектеседі.

Қадірменді Қостанай ауданының тұрғындары! Сіздерді еліміздің ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күні мерекесімен тағы да құттықтай отырып, еліміздің кемел келешегін нығайту жолындағы еңбектеріңізге табыс, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін!

Берік Таңжарықов,
Қостанай ауданының әкімі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!