Ұлттық құрылтай – ұлт мәселесіне маңызды қадам

Ұлттық құрылтай – ұлт мәселесіне маңызды қадам

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен киелі Түркістан мекенінде Ұлттық Құрылтайдың екінші отырысы өтті.

Осыдан тура бір жыл бұрын киелі Ұлытау өңірінде бастау алған маңызды бастама түркі дүниесінің алтын бесігі Түркістан жерінде өз жалғасын тапты. Алқалы жиында еліміздің даму мүмкіндіктерін арттыру бойынша тың бастамалар көтеріліп, қоғамды толғандырған өзекті мәселелерді шешу жолдары жан-жақты талқыға салынды.

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде Әділетті Қазақстан және Адал азамат ұғымдары егіз құндылық ретінде қатар тұруға тиіс. Сонымен бірге жас ұрпақты Адал азамат етіп тәрбиелеуіміз керек. Ұлттық бірегейлімізді нығайтып, еліміздің жаңа құндылықтарын орнықтыру үшін жүйелі жұмыс жасалуы тиіс деген болатын.

Ел Президенті Қазақстан тарихының көптомдық жинағын келесі жылдың ортасына дейін әзірлеуді тапсырды. Содан соң ол ғылыми ортада кеңінен талқылануы керек және Алматыдағы Археология институтының қазіргі жағдайының мүшкіл екенін айтты. Мекемені жаңғыртып, оның жұмысына тың серпін беру үшін институтқа барынша жағдай жасап, институт жанынан тарихи жәдігерлердің арнайы қорын жасақтаған жөн деді.

Сонымен қатар, биыл Қожа Ахмет Ясауидің туғанына 930 жыл толып отыр. Осы орайда ғұламаның еңбектерін жан-жақты зерттеп, дәріптеу маңызды. «Ясауитану» ғылыми орталығын немесе институтын құру мәселесін ойластыруға болады» және Қожа Ахмет Ясауи кесенесі бай тарихымыздың символы саналады. Оның ұлт руханиятындағы орны ерекше екенін білесіздер. Осы кесенеге ұлттық мәдени-тарихи ескерткіш мәртебесін беру туралы ұсыныс енгізілген. Мен мұны қолдаймын» – деді.

Үшінші төл тарихымызда елеулі еңбек еткен және айшықты орны бар тұлғалардың есімін ономастика саласы арқылы қайта жаңғыртатын сәт келді. Бұрмаланған тарихымыз шынайы жарыққа шығуы тиіс. Осы тақырып жөнінде Президент: «Сондай-ақ төл тарихымызда ерекше орны бар тұлғалардың бірыңғай тізімін әзірлеу қажет. Бұл тізім еліміздің ішінде және шетелде жалпыұлттық бірегейлігімізді айшықтайтын басты ұстынға айналмақ. Ономастика бұл – ата-бабаларымызға байланысты я белгілі тұлғалардың туысқандарының ісі емес. Бұл – мемлекеттің шаруасы. Осы саладағы барлық рәсімдерді іс жүзінде реттеу маңызды. Онда аймақтардың ерекшелігімен қатар, жалпыұлттық басымдықтар да ескерілуі керек» – деді.

Мешіт Ғазизұлы,
Қостанай аудандық мәслихатының депутаты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!