Әлеуметке қосылудың мүмкіндігі

Әлеуметке қосылудың мүмкіндігі

Параспорт – мүгедектігі бар адамдар үшін қоғамда бейімделуге, өзін-өзі іске асыруға және әлеуметке қосылуға апаратын аз ғана мүмкіндіктердің бірі. Біздің спортшылар оны толығымен пайдалануда.

ҚР 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында: Спорттағы жоғары жетістіктерді қолдау және дамыту, соның нәтижесінде кәсіби спортшылардың халықаралық аренада өнер көрсету нәтижелерінің деңгейін арттыру өз елі үшін мақтаныш сезімінің пайда болуына септігін тигізеді. Тең мүмкіндіктер қоғамын қалыптастыру мақсатында мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтендіруге бағытталған инклюзивті жобалар іске асырылатын болады – деп бекер айтылмаған.

Елімізде мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарына сәйкес және аудандағы мүгедектігі бар жандарды қолдау мақсатында, зағип спортшылармен тұрақты түрде спорттық іс-шаралар жүргізіліп отырады.
Осы орайда 6 ақпанында пара шаңғы бойынша аудандық жарыс өткізілген болатын.

Жарысқа мүгедектігі бар 20 спортшы қатысты. Барлық спортшылар Қостанай ауданы әкімдігінің «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Абдуайтов Мылтықбай Жұмабайұлының қолынан алғыс хаттармен марапатталды.

Сонымен қатар барлық спортшылар облыстық шаңғы фестиваліне қатысатын болады.
Осы жарыста Қостанай ауыл шаруашылығы колледжінің ерікті волонтёрларының көмегін де атап өтпеске болмайды, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт бөлімінің спорт нұсқаушысы Евгения Евгенийқызына алғысымызды білдіреміз.

Әсел Жанұзаққызы,
дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!