Елімізде арнайы Конституциялық комиссия құрылатын болды

Елімізде арнайы Конституциялық комиссия құрылатын болды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия құру туралы шешім қабылдады. Арнайы Жарлыққа ертең қол қояды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президенттің айтуынша, алдағы өзгерістер 2022 жылғы реформадан да ауқымды болмақ. Бұл қадам іс жүзінде жаңа Конституция қабылдаумен пара-пар.

«Жалпы, бастапқыда Парламенттік реформа аясында Ата заңның 40-қа жуық бабын өзгерту жоспарланған еді. Алайда жұмыс барысында түзетулер саны әлдеқайда көп екені белгілі болды. 2022 жылғы реформада Ата заңның 33 бабы жаңарғанын білесіздер. Ал, ендігі өзгерістер одан да ауқымды. Біз, шын мәнінде, жаңа Конституция қабылдаумен пара-пар қадам жасағалы тұрмыз. Сондықтан мен Конституциялық комиссия құру туралы шешім қабылдадым. Арнайы Жарлыққа ертең қол қоямын», деді Мемлекет басшысы. 
Комиссия құрамына 100-ден астам азамат кіреді. Оның ішінде Ұлттық құрылтай мүшелері, белгілі заңгерлер, ақпарат құралдары басшылары, аймақтық мәслихат төрағалары мен қоғамдық кеңес өкілдері және басқа да білікті мамандар болады.
«Бұл жұмысқа Конституциялық соттың төрағасы жетекшілік етеді. Комиссия барлық ұсынысты сараптап, қорытып, нақты өзгерістердің жобасын әзірлейді. Содан соң жалпыхалықтық референдум өтетін уақытты белгілейміз», деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 
Сурет: ru.sputnik.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!