Бірінші тоқсанда Қостанай облысында 24 сыбайлас жемқорлық қылмыс тіркелді

Бірінші тоқсанда Қостанай облысында 24 сыбайлас жемқорлық қылмыс тіркелді

Ол туралы облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің штаб басшысы Владимир Фанякин брифинг барысында хабарлады.

Оның сөзі бойынша, есеп беру кезеңінде шағын және орта бизнес қызметіне заңсыз араласудың екі фактісі анықталған. Бірінші – көлеңкелі экономикаға қорғаншы болу фактісі, жүйелі сыбайлас жемқорлықтың төрт фактісі және мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру кезінде жасалған үш сыбайлас жемқорлық қылмыс. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықта жиырма тұлға әшкереленді, оның тоғызы түрлі деңгейлердегі басшылар.

– Жалпы алғанда, Антикор қызметі бұрынғыдай азаматтардың конституциялық құқықтарын мүлтіксіз сақтауға бағытталған. Бұған өткен жылдан бері қылмыстық процестің үш деңгейлі үлгісінің енгізілуі тиімді ықпал етуде. Басты көрсеткіш – қабылданған шешімдердің сапасы және процеске қатысушылар құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету. Тіркелген істер санының көбеюімен заң бұзушылықтар азайды, – деді Фанякин шара барысында. Өз кезегінде бұл жаңашылдық жұмыстағы айыптау жағын жоюға, процессуалдық қателерді болдырмауға және жазаның бұлтартпас қағидасының сақталуын қамтамасыз етеді. Нәтижесі бойынша ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында азаматтардың конституциялық құқығын бұзуға жол берілген жоқ.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты табысты жүзеге асыру жаңа формаларды, әдістерді және жұмыс құралдарын пайдалануға байланысты.

Департамент істерді электронды форматта жүргізу бойынша жұмысты жандандырды. Қылмыстық іс жүргізуді цифрландыру уақытты үнемдейді, тергеу және санкциялар алу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді, қылмыстық іс жүргізудің ашықтығын қамтамасыз етеді.

Нәтижесінде, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өндірісінде болған істер бойынша мемлекетке келтірілген залал 496 419 895 теңгені құрайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!