«Білім – болашақ жастардың шуақ көзі,ғылым – өшпес ізі »

«Білім – болашақ жастардың шуақ көзі,ғылым – өшпес ізі »

Кеше мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясында жас ғалымдармен кездесті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде ғылым мен жоғары білім салаларын дамыту үшін қабылданып жатқан кешенді шараларды атап өтті. Нақтырақ айтқанда, білікті кадрлар әзірлеуге арналған грант саны соңғы жылдары бір жарым есе көбейді. Қазақстанда әлемнің беделді 12 жоғары оқу орнының филиалы жұмыс істеп тұр. Көп ұзамай тағы бірнешеуі ашылады. Зерттеу жұмыстарымен айналысатын университеттер көбеюде. Технология парктері және инжиниринг орталықтары ашылып жатыр. Жыл сайын 500 ғалым шетелде тағылымдамадан өтеді. Министрлік жас ғалымдарға мыңдаған грант бөліп жатыр.

Президенттің пікірінше, мұның бәрі – ғылымды дамытуға оң ықпалын тигізетін шаралар.

Қазіргі таңда білімді жастарымыздың ғылымға деген көзқарасы біршама артқанын байқаймыз. Ғылым мен техниканың ғарыштап дамуының әсері болу керек, мектеп жасынынан ересек жасқа дейінгі жастарымыздың ғылым жолында қызмет етіп жатқанын көріп жүрміз. Оның себебі, білім ордаларындағы цифрлы сауаттылық, ақпараттық техниканың жаңаруы, оқушыларымыздың интелектін,ой-өрісін,ақылы мен санасын дамытатын түрлі виртуалды сабақтар, жасанды интеллект сияқты цифрлы ақпараттардың берілуі,көптеген интернет ресурстары жас ұрпақты дамытып жатыр. Ғылым мен инженерия саласын дамытып жатқан мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарынынан жылда 3000-дай шәкірт тәрбиеленуде.

Жастарды білім жолына бағыттап, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу білімнің тізгінін ұстату мемлекет пен қоғамның міндеті деп саналады. Сондықтан мемлекет тарапынан жас ұрпаққа деп жасап жатқан жоспарлары іске асырылуда.

Ауданымызда биылғы жылы жаңа Спорт кешені ашылды бұл да болса мемлекетіміздің болашақ жастарымыздың спортшыларына деген үлкен сыйы деп білемін. Жайлы мектеп бағдарламасы бойынша да ауданымыздың Заречный ауылына 900 орынға салынып жатқан мектеп өз құрылысын бастап кетті,алдағы оқу жылында жас балаларымызға есігін айқара ашпақ.Жоспар бойынша Тобыл қаласында ашылатын балабақша да өз жас бүлдіршіндерін қуана қарсы алады.

Келешектің іргетасын қалау үшін, ең алдымен өз еліміздің жастары саналы ұрпақ болып жетілуіне білім басшыларынан бастап,мектеп мұғалімдері,ата-аналар болып бірігіп күш салу қажет екені белгілі. Сондықтан балаларымыз сапалы білім алып,ғылым жолында қызмет ету үшін барынша қызмет жасау қажет.

Қоғамдағы барлық саланың дамуына кедергі келтіретін зиянды нәрселерден жастарды арылтсақ ғана біз өркениет қатарына қосыла аламыз.

Қазіргі ұрпақтың мойнында аса ауыр жауапкершілік жүгі бар. Жастардың ғылым мен білімге деген құштарлықтары талмай, алға талап қоя отырып, ізденуге ұмтылуы керек. Ізденіске іңкәрлікті ояту – өз қолдарында.

Әлия Төртқараева, Қостанай ауданы
білім бөлімінің басшысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!