Аким Костанайского района поздравил земляков с Днем единства народа Казахстана!
Құрметті
Қостанай ауданының тұрғындары!
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Көктемнің бұл жарқын мерекесі барлық ұлт өкілдерінің ынтымақтастығы мен достығының жарастығы, бейбітшілік пен тұрақтылықтың жарқын бір көрінісі болып табылады.
Қазақстан халқының бірлігі күні мемлекет тарихының маңызды беттерін біріктіреді. Өткенді есте сақтау, бүгінді бағалау және болашақ үшін жұмыс істеу – қазіргі тәуелсіз мемлекеттегі гүлденген өмірдің формуласы.
Еліміздегі ұлтаралық келісім мен татулықты, мәдениетаралық, дінаралық рухани жарасымды дамытуда Қазақстан халқы Ассамблеясының мән-маңызы орасан. Жалпыхалықтық институтқа айналған Ассамблея – құндылықтар мен азаматтық ұстанымдардың тұтастығын нығайтты және ортақ мақсаттар мен міндеттер аясында ел тұрғындарының мызғымас бірлігін қамтамасыз етіп келеді.
Бұл мереке бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған барша отандастарымыз үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің, татулық пен тұтастықтың, бірлік пен берекенің мейрамы. Жыл сайын көктеммен бірге келетін мерейлі мереке ауданымыздағы түрлі ұлттың тілін, салт-дәстүрін және мәдениетін асқақтатып, жүрегімізге жыр, жанарымызға нұр сыйлайды.
Құрметті жерлестер!
Бірлік мерекесі қарсаңында баршаңызға зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, әр шаңыраққа шаттық пен бақ-береке тілеймін. Тыныштық пен бейбітшіліктің талбесігінде тербелген халқымыздың татулығы мен бірлігі нығая берсін, еліміздің болашағы баянды, іргесі берік болсын!
Берік ТАҢЖАРЫҚОВ,
Қостанай ауданының әкімі
_______________________________________________________________________________
Уважаемые жители Костанайского района!
От всей души поздравляю вас с Днем единства народа Казахстана!
Этот яркий майский праздник уже давно стал символом единения, дружественности, открытости и толерантности, главным достижением которого остается спокойствие и мир в нашем общем доме.
День единства народа Казахстана объединяет важные страницы истории нашего государства. Помнить о прошлом, ценить настоящее и работать на будущее – формула благополучной жизни в современном независимом государстве.
Особые заслуги в укреплении независимости, мира и согласия в нашей стране принадлежат Ассамблее народа Казахстана. Ставшая общенародным институтом, она укрепила приоритет единых ценностей и гражданских начал, обеспечила сплочение наших граждан на основе общности целей и задач.
Необходимо отметить, что жители нашего района бережно сохраняют и приумножают традиции, обычаи, культуру представителей всех наций, проживающих в нашем регионе. Старшее поколение передает молодежи основы истинного патриотизма, толерантности и уважения к культуре и традициям всех этносов нашей страны. В этом наша основа и уверенность в завтрашнем дне.
Дорогие земляки!
В этот праздничный день желаю всем крепкого здоровья, благополучия, единства, семейного счастья, новых успехов во всех делах и начинаниях. Пусть наше многонациональное государство остается надежным фундаментом для развития и новых достижений, а весеннее солнце согревает ваши сердца, в домах всегда горит яркий огонь благополучия. Всех благ вам и вашим семьям!
Берик ТАНЖАРИКОВ,
аким Костанайского района
Добавить комментарий