АЭС болашаққа жұмыс істейді

АЭС болашаққа жұмыс істейді

АЭС туралы айта бастағанда, көлденеңдеп көп сауал алдымыздан шығады. Солай болуы заңды да. Бүгінгі күні Қостанай ауданында қоғамның белсенді мүшелерінен құралған штаб халықпен кездесулер өткізіп, жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Сол штабтың мүшесі ретінде айтарым, АЭС-тің болашақтағы маңыздылығын, қажеттілігін мамандар түсіндіруде. Бұл бірнеше жылдардан бері талқыланып, пайдасы мен зияны өлшеніп қабылданған тарихи шешім. Егер бұл сұрақты бүгін қолға алмасақ, ертең кешігіп қалуымыз мүмкін.
Қазіргі уақытта Қазақстанның энергетикалық секторы елімізде өндірілетін барлық электр энергиясының шамамен 70% – қамтамасыз ететін көмір электр станцияларына аса тəуелді екенін білеміз. Алайда, бұл модель күрделі мəселелерге тап болуда.

Біріншіден, жұмыс істеп тұрған станциялардың тозу деңгейі жоғары, 70% жетеді. Екіншіден, елімізде электр энергиясын тұтыну жыл сайын 3%-ға өсуде. Үшіншіден, Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді қоса алғанда, жаһандық экологиялық міндеттемелерді өзіне жүктеді. Сонымен қатар, көмір жобаларын қаржыландыру да экологиялық шектеулерге байланысты күрделене түсуде.

Жалпы, Энергетика министрлігінің болжамдары бойынша 2035 жылға қарай Қазақстанда электр энергиясын тұтыну 152,4 млрд кВт/сағ құрайды деп күтілуде. Бұл ретте жұмыс істеп тұрған электр станциялары небəрі 135 млрд кВт/сағ қамтамасыз ете алады. Бүгінде электр қуатының тапшылығын Ресейден келетін ағындар жауып отыр. Бұл энергетикалық тəуелділікке жəне елдің энергетикалық нарығының қауіпсіздігінің төмендеуіне əкеледі.

Атом электр станциялары əлемдегі ең қауіпсіз жəне сенімді қондырғылардың бірі болып саналады. Дегенмен, адамдар мен қоршаған ортаға теріс салдары бар апаттар орын алуы мүмкін. Осындай апаттардың ықтималдығын азайту үшін МАГАТЭ мүше мемлекеттерге атом электр станцияларының қауіпсіздігін жақсарту үшін халықаралық қауіпсіздік стандарттарын қолдануға көмектеседі.
Дүниежүзілік ядролық қауымдастықтың мəліметтері бойынша, қазір əлемде 415 ядролық энергетикалық реакторлар (NPR) жұмыс істейді, тағы 60-ы салынып жатыр. Атом электр станцияларының ең көп саны АҚШ-та (94), Францияда (56), Қытайда (56), Жапонияда (12), Ресейде (36) және Оңтүстік Кореяда (26) орналасқан.

Әлемдік тәжірибе мен МАГАТЭ ұсынымдарына сүйене отырып, қазақстандық тарап әйгілі француздық Assystem инжинирингтік компаниясы бекіткен технологияларды бағалаудың өзіндік жүйесін әзірледі. 13 жоба зерттелді, 4 буын III+ реакторлары таңдалды.

III буын реакторларының орташа жұмыс уақыты 60 жылға есептелген, реакторлық корпусты толық жөндеу және ауыстыру арқылы пайдалану мерзімін 100 жылға дейін ұзарту мүмкіндігі бар дейді мамандар.
Қазақстандағы бірінші атом электр станциясын салу үшін Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үлкен ауылының аумағы алдын ала қарастырылуда. Энергетика министрлігінің мәліметінше, АЭС құрылысы 10-12 миллиард долларды құрайды.

Жұмагүл Иргасымова,
Қостанай аудандық
мәслихатының депутаты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!