Ақын – елдің ардағы

Ақын – елдің ардағы

Бірнеше халықаралық әдеби сыйлықтың лауреаты, «Алтын қалам» иегері жерлес ақынымыз Ақылбек Шаяхметтің төрт кітабының тұсау кесері өтті.

Садовый орта мектебінің 7-8 сынып оқушылары мен ұстаздары тұсау кесерге қатысып, ақынның кітаптарындағы тың ақпараттармен танысты. Ақын-жазушылармен кездесу оқушылардың ішкі жан-дүниесін байытып, ерекше шабыт сыйлады. Бұл кездесуден соң олар ақын идеяларды қалай табатынын, шығармашылығын қалай дамытып, қиындықтарды қалай жеңетіні туралы біле алды. Шығармашылық мерекеде 70-тен аса туындылары жарық көрген ақынның өлеңдері оқылып, зиялы қауым өкілдері тілектерін білдіріп, пікірлерін ортаға салды.

Ақылбек Шаяхметовтың шығармалары тек қазақ және орыс тілдерінде ғана шығып қойған жоқ, сонымен қатар шетел тілдеріне де аударылған

Балаларға арналған «Күлімдеді күніміз», «Гүл мен бидай», «Біздің бақша», «Шынар», «Аяз және Қыдыр» атты кітаптары жарық көрген. Өлеңдері орыс мектептеріне арналған оқулықтарға енгізілген. «Ақсұлу» тарихи драмасының, «Алғыс пен Қарғыс немесе жарық пен көлеңке», «Таза бұлақ» пьесаларының авторы.

Назира ТӨЛЕГЕНОВА,
Садовый ЖББМ
химия пәнінің мұғалімі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!