Самбошылар жарысы
2023 жылдың 1- 3 мамыр аралығында Атырау қаласында Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Халықаралық санаттағы төреші Табынбаев Қошқарбай Төремұратұлын еске алу ниетімен ұйымдастырылған самбо күресінен 2007-2008 жылы туған жасөспірімдер арасында Азияның ашық кубогы өтті.
Бұл жарыс көршілес 10 елден 120 қатысушының басын қосты, атап айтқанда: Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Армения, Әзірбайжан, Грузия, Беларусь, Моңғолия, Ресей.
Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Заречный ауылының тұрғыны, Тобыл қаласының Н. Наушабаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Мұхамбетқали Дәулет Қазақстан Республикасы Азия Кубогынан 53 келі салмақта күресте қола медальді қанжығасына байлады.
Сондай-ақ, 3-ші орын үшін табанды күресте минималды басымдықпен ұтылып, медальдан бір қадам қалғанда 5-орынды иеленген Сағандық Шыңғысты да атап өткіміз келеді, ол да жаман көрсеткіш емес десек болады.
Спортшыларымызбен аянбай еңбек сіңіріп жүрген жаттықтырушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Қанаттарының талмауын, спорт асуларын бағындыра берулеріне тілекшіміз.
Добавить комментарий