Ақтық сын алдындағы аламан
Тобыл жағасында өткен дүбірлі дода Қостанай жұртына ерекше әсер сыйлады. Қазақстан чемпионатының жетінші кезеңінде жүйріктер ұзақ қашықтықта сынға түсіп, шабандоздар шеберлігін таразыға салды. Көмбеге ұмтылған тұлпарлардың екпінді шабысы жарыс алаңындағы тартысты одан әрі қыздыра түсті. Дода барысында жергілікті атбегілердің де еңбегі ақталды. Қостанайдың төрт жүйрігі мәреге алғашқы бестіктің қатарында жетіп, өңірдің ат спортына деген дәстүрлі даңқын тағы бір мәрте танытты. Қостанай облысы үшін бұл жарыстың жөні де, мәні де бөлек. Өйткені бұл өлке - қазақы жылқы шаруашылығы мен ат спортының [...]












