Шахматшылар турнирде кездесті

Шахматшылар турнирде кездесті

5 шілдеде аудандық XXXVII спартакиада аясында Астана күніне орай шахматтан жарыс өтті. Турнир өзінің шеберлігі мен стратегиялық ойлауын көрсеткен ауданның үздік шахматшыларын жинады.

Жарыс шиеленісті өткенімен достық атмосфера сақталды. Қатысушылар жасына және дайындық деңгейіне қарамастан, жеңіске жету жолында әр ұпай үшін күресті. Шахмат шайқастары тек қатысушыларды ғана емес, сонымен қатар әр қадамды ынтамен бақылап отырған көрермендерді де баурап алды.

Турнирдің жеңімпаздары ойынның жоғары техникасын көрсеткен мықты ойыншылар болды. Олардың жетістіктері көп жылдық жаттығулар мен табандылықтың нәтижесі. Жеңімпаздарға аудандық әкімшілік тарапынан Құрмет грамоталары табысталып, марапаттарға ие болды. Жарыстың жоғары деңгейде өтуі ауданымызда шахматтың одан әрі танымал болуына әсері зор.

 

Бетті әзірлеген Сулейман МҰРАТҰЛЫ;
Ақпаратты Қостанай ауданы әкімдігінің «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ
спорт әдіскері Әсел Жанұзаққызы ұсынды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!