Кел ойнайық, тоғызқұмалақ!
Тоғызқұмалаққа тосырқамай қараңыз!
Ата дәстүр салтыңызға санаңыз!
Өзіңді-өзің қазақпын деп санама
Бұл өнерді үйренбесе балаңыз!
Осындай өнер жолдарымен Абай атамыз өсиет еткен тоғызқұмалақтан 2023 жылдың 5-7 мамыр аралығында Қостанай облысының рапид пен блицтен ерлер мен әйелдер арасында Қостанай облысының жеке чемпионаты өткен болатын.
Тоғызқұмалақ ойынының сақ, ғұндар дәуірінен бері қарай 4 мың жылдық тарихы бар. Оны түркі тілдес халықтардың ішінде: Қырғыз, Өзбек, Қазақ, Қарақалпақ, Түрік және Алтай елдерінде ойнайды.
Бұл ойынды тіпті әлемнің екінші ұстазы Әл-Фараби де сүйіп ойнаған, терең зер салып, зерттеп, өз жазбаларында қалдырып кеткен. Қазақтың ақыны, данагөй ойшылы Абай Құнанбаев та өз заманның түрлі ойыншылармен сынға түсіп, ойын жарыстырған деседі. Абай атамыздың тастан ойылып жасалған тоғызқұмалақ тақтасын Жидебайдағы мұражайынан таба аласыз. Әйгілі ойыншылар қатарына қазақтың ең алғашқы ғалымы Шоқан Уәлихановты да қосуға болады. Қазақтың әйгілі жазушысы Мұхтар Әуезов пен Ұлы Отан соғысы жылдарының атақты соғыс стратегі Бауыржан Момышұлының да сүйікті ойыны болған деседі.
Қостанай ауданының Ұлттық интеллектуалды ойынды жалғастырушы спортшыларымыз осы турнирде жақсы өнер көрсетіп жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ: Ермуханова Айым 1 орын (блиц), Мухтарова Талшын 2 орын (рапид), Серикбаева Құралай 3 орын (блиц), Мухтарова Талшын 3 орын (блиц).
Спортшыларымызды жеңістерімен құттықтап, биік белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз.
Добавить комментарий