Ернардың жеңісі

Ернардың жеңісі

28-30 маусым аралығында Ақтөбе облысының Шалқар қаласында 17 жасқа дейінгі ауыл спортшылары арасында өткен грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының кубогінде 92 кг салмақ дәрежесінде Қостанай ауданының спортшысы Танат Ернар 1 орынды жеңіп алды.

Тәжірибелі жаттықтырушылар Серікбай Исмаилов пен Данияр Кункубаев жетекшілігімен Ернар шеберліктің жоғары деңгейін көрсетіп қана қоймай, ерік-жігердің керемет күші мен жеңіске деген ұмтылысын көрсетті. Оның күресі турнирдің нағыз сәніне айналды, көрермендер мен спорттағы әріптестері арасында үлкен қуаныш пен құрметке ие болды.

Ернардың әрбір жекпе-жегі шиеленіс пен толқуға толы болды. Оның техникасы мен тактикасы дәлдік пен ойластыруымен таң қалдырды. Ол осы турнирге дайындық барысында жаттығуға жұмсаған табандылық пен еңбекқорлық кілемде өз жемісін берді. Қазақстан Республикасы Кубогындағы жеңіс – оның күш-жігері мен талантының лайықты нәтижесі.

Мұндай жетістік ауыл спортшыларын даярлаудың жоғары деңгейінің жарқын дәлелі және жас ұрпақ үшін шабыттандыратын үлгі болды. Танат Ернар адал тәлімгерлердің қолдауымен және өзіне деген сенімділікпен спорттағы ең биік шыңдарға жетуге болатындығын дәлелдеді.

 

Бетті әзірлеген Сулейман МҰРАТҰЛЫ;
Ақпаратты Қостанай ауданы әкімдігінің «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ
спорт әдіскері Әсел Жанұзаққызы ұсынды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!