Ерлік пен адалдықтың үлгісі

Ерлік пен адалдықтың үлгісі

Мұхамеджан Байқоныс – Ұлы Отан соғысы кезінде ерен ерлік көрсетіп, елге жеңіспен оралған қазақстандық батырлардың бірі. Оның өмірі мен ерліктері бүгінгі ұрпақ үшін патриотизм мен рухани мұраның жарқын үлгісі болып табылады.

Мұхамеджан Байқоныс 1914 жылы Қостанай облысының Наурызым ауданына қарасты Қайғы (қазіргі Мереке) ауылында дүниеге келген. Жастайынан еңбексүйгіштік пен табандылықты бойына сіңіріп өскен. Ауылдастарының арасында сыйлы болып, еңбекқорлығымен ерекшеленді.

Соғыс жылдарындағы ерлігі 1942жылдың шілдесінде Амангелді аудандық әскери комиссариаты арқылы майданға шақырылды. Ол 595-ші атқыштар полкі мен 188-ші атқыштар дивизиясының құрамында жауынгерлік жолын бастады. Мұхамеджан атамыздың ерлігі бірнеше рет жоғары марапаттарға лайық деп танылды. Оның ерлігінің дәлелі – алған жарақаттарына қарамастан, Отан қорғау жолында соңына дейін қызмет етуі.

Мұхамеджан Байқоныс «Ұлы Отан соғысының 1-дәрежелі» орденімен марапатталған. Бұл оның соғыс алаңындағы ерлігі мен батылдығының айқын дәлелі. Оның ерлігі кейінгі ұрпаққа өнеге болып қалды.
Соғыстан кейін Мұхамеджан атамыз туған жеріне оралып, елдің дамуына атсалысты. Ол ауыл шаруашылығында, мемлекеттік қызметтерде жұмыс істеп, қоғамның белсенді мүшесі болды. Өмірінің соңына дейін елдің гүлденуіне өз үлесін қосты.

Мұхамеджан Байқоныс – халқымыздың тарихында өшпес із қалдырған тұлға. Оның есімі әрқашан құрметпен аталуы тиіс. Осындай батырлардың арқасында бүгінгі бейбіт өмірге қол жеткіздік. Мұхамеджан атамыздың ерлігі мен өмір жолы – ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілуі тиіс баға жетпес мұра.

Айгуль УМИРТАЕВА, мектеп кітапханашысы
«Қадыр Кәрімов атындағы
жалпы білім беретін мектебі» КММ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!