Домбыра – дала үні, ел рухы
5 маусым күні Тобыл қаласындағы «Алтын дән» мәдениет үйінің алаңында Қостанай ауданында кең көлемді «Алтын домбыра» акциясы өтті. Бұл мерекелік іс-шара Ұлттық домбыра күніне арналған облыстық айлықтың ашылуына орай ұйымдастырылды.
Іс-шаранының мақсаты – ұлттың ұлы мұрасы – домбыраны ұлықтап, күй мен терме өнерін насихаттау, жас ұрпаққа рухани тәрбие беру.
«Алтын домбыра» акциясына қатысушыларды Қостанай ауданы әкімінің орынбасары Дияр Есмағамбетов құттықтап, өнер сүйер қауымға табыс тіледі.
Мерекелік іс-шара «Қазақ» биімен басталып, «Ақ бидай» әжелер ансамблінің мүшелері шашу шашты.
Бағдарлама барысында Жанат Мінайдар орындаған терме, Қазанғаптың «Ақ желең» күйін тартқан аудандық музыка мектебі оқушылары, Қостанай аудандық флеш-моб домбырашыларының халық күйлері көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
«Ақ баян» халық әні, «Би күйі», «Еркесылқым» және Ержан Тоқсабановтың «Жауға» шығармасы LED экранда көрсетілген көркемсуреттік сүйемелдеумен ерекше әсер сыйлады.
Шараның шарықтау шегі Құрманғазының әйгілі «Балбырауын» күйін «Тобыл сазы» оркестрінің орындауымен түйінделді.
Бұл акция – Қостанай ауданы жұртшылығының төл өнерге деген зор сүйіспеншілігінің айқын көрінісі болды. Күйдің күмбірі мен домбыраның сазды үні аудан аспанын жаңғыртып, жас буынға ұлттық рухтың мәңгілігін тағы бір еске салды. Ұлттық домбыра күніне арналған мерекеге қатысушылар мен белсенді өнерпаздар арнайы марапатқа ие болды.
Түсіпбеков Ерхан Мұханбетжанұлы – «Тобыл сазы» ұлт аспаптар ансмаблінің жетекшісі, Төлебаева Зылиха Қабдолақызы – Мемлекеттік тілде оқытатын А.Байтұрсынұлы атындағы Заречный жалпы білім беретін мектебінің қосымша білім беру пәнінің мұғалімі, Сейтова Айнұр Тойлыбайқызы – «Айсұлтан» өнер мектебінің домбыра үйірмесінің жетекшісі, Мұхамбетова Гаухар Айдарқызы – Балалар музыка мектебінің домбыра сыныбының оқытушысы, Нұрғалиев Мәлік Қуандықұлы – Алтынсарин, Озерный ауылдарындағы балалар музыка мектебінің филиалдарының домбыра сыныбының оқытушысы, Мінайдар Жанат Мінайдарұлы – Қостнай ауданы білім бөлімінің Тобыл қаласындағы №1 жалпы білім беретін мектебінің қосымша білім беру пәнінің мұғалімі, Қауметова Майра Қасымханқызы – Садчиков ауылдық мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы, Деріпсалдина Гүлбағыт Амантайқызы – Алтын дала ауылдық мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы, Махмет Қызғалдақ Қанатқызы – Н. Наушабаев атындағы мектеп – гимназиясының музыка пәнінің мұғалімі, Альжанова Гүлмира Арыстанқызы – Айсары ауылдық округін домбырашылар ансамблінің жетекшісі, Жұмабеков Мейрамбек Қызбелбайұлы – Айсары ауылындағы балалар музыка мектебі филиалының домбыр сыныбының оқытушысы, Токушев Диас Нұрлыбекұлы – Еңбек ауылы негізгі орта мектебінің домбыра үйірмесінің жетекшісі, Шәріпов Әділбек Талғатұлы – Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің домбыра үйірмесінің жетекшісі, Құлымбетова Мөлдір Қонысбайқызы мен Туленова Әлия Сағынбайқызы – Балалар музыка мектебінің домбыра сыныбының оқытушылары, Ахмет Гүлнүр Төлендіқызы – Н.Наушабаев атындағы мектеп – гимназиясы басшысының тәрбие іс – жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, Абенова Сарқын Қойшыбайқызы – Айсары жалпы білім беретін мектебінің аға тәлімгері, Арыстанбекова Гулфира Мерекеқызы – Еңбек ауылы негізгі орта мектебі басшының тәрбие іс-жөніндегі орынбасары, Қанапин Талғат Ғалымбекұлы – «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы, Ержанова Алтын Мұхаметғалиқызы – Садчиков ауылының үлгілі ауылдық кітапханасының кітапханашысы, Қайыркенова Шәмшия Ғазезқызы – Садчиков ауылының тұрғыны, Зоя Куюбаева – Меңдіқара ауданы Соснов ауылдық округінің мемлекеттік қызмет ардагері, Садчиков ауылының тұрғыны, Байгарина Алмагүл Қуанышқызы – Айсары ауылының тұрғыны, Бошан Аксана – ең жас қатысушы, Заречный мектеп-лицейінің оқушысы, Айсұлтан өнер мектебінің тәрбиеленушісі, Күлпейсов Амантай Сейтқазыұлы – аға буын өкілі, Әулиекөл ауданы Б. Жүнісов атындағы «Жетікөл» ансамблінің 90-шы жылдардағы үздік домбырашысы, Тобыл қаласының тұрғыны, домбыра өнерін игерген өзге ұлт өкілдері-
Лукичева Таисия, С. Көбеев атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы, «Қазына»домбыра үйірмесінің тәрбиеленушісі, Ищук Дарья – Тобыл қ. мектеп-гимназиясының оқушысы Қостанай ауданы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Міне, ауданымыздың түкпір-түкпірінен жиналған күйші-домбырашылардың өнері ел жүрегін тебірентіп, үлкен құрметке бөленді. Домбыраның қос ішегінен төгілген күй – қазақтың жан дүниесінің үні, даланың тынысы, тарихтың тілі іспетті естілді.
Қасиетті қара домбыра – сан ғасырлық шежірені көкірегіне түйген, елмен бірге жасап келе жатқан ұлы мұра. Оның шанағынан шыққан әр бір үн – бір шежіре, бір тағдыр. Күмбірлеген күймен кешегі бабалардың аманатын жеткізген, елдік пен ерліктің рухын сездірген бұл шара – ұлттық рухты жаңғыртқан нағыз мереке болды.
Осындай рухани кештер – жүрекке шуақ, санаға сәуле. Олар ұлтымыздың болмысын терең ұғындырып, атадан балаға жалғасқан өнерді өміршең ете түседі. Домбыра – тек аспап емес, ол – ұлттың үні, рухтың символы.
Домбыра күні Қазақстанда шілде айының алғашқы жексенбісінде тойланады. 2025 жылы мереке 6 шілдеге түсіп тұр. Бұл күн 2018 жылы Қазақстан Республикасының Жарлығымен бекітілген.
Сулейман МҰРАТҰЛЫ
Добавить комментарий