Қарттарымыз қазынамыз

Қарттарымыз қазынамыз

1 қазан Халықаралық қарттар күні мерекесі. Ауданымызда он мыңнан астам зейнекерлер тұрады. Бүгінгі күні қарияларымыздың көпшілігі қоғамдық белсенділік танытып, ауданымыздың, ауылдарымыздың тірлігіне араласып жүр. Сондай қарияларымыз көпшілігі Садчиков ауылында тұрады.

Өмірге деген бағыт-бағдарын беріп, күрмеуі көп тіршілікті танып-білуіңе, өткен тарихыңды ақтарып беруге даяр тұратын қарттардың орны әркез бөлек. Бүгінде қазақтың әрбір үйінен отбасы мүшелеріне ақылын айтып, тәлімді тәрбиесін беріп, ұлағатты ұғымдарды сіңіріп, шүпірлеген немере-шөберелерінің ортасында марқайып отырған ата-әжелерімізді көрудің өзі бір ғанибет.

«Әже» деген сөзді естігенде көз алдымызға: ақ жаулық, әжелік өсиет-әңгіме, әженің саған деген мейір-ықыласы, айтып отырар бесік жыры, дәмі аузынан кетпес қаймақ қатқан қою шайы, қазақи болмысы, аяғына киген мәсі, оюланған камзолы, ақ түскен шашы елестейді. «Ата» дегенде елестейтіні – басынан тастамайтын тақиясы, аузынан шыққан дуалы сөздері, ақ батасы. Иә, елестейді деп айтуға тура келеді, себебі, дәл жоғарыда суреттегендей ата мен әжелерімізді көру үшін Садчиков ауылында осыдан бір жарым жыл бұрын ашылған «Қазына» клубы тынбай еңбек етуде.

Міне, осындай өрелі өмір жолын туған жердің түлеуіне арнап, еңбектерінің зейнетін көріп отырған шақта ұрпақтарына игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін таныту жолында «Қазына» клубы мүшелерінің еңбегі зор. Оған, әрине, клуб мүшелерінің атқарған жұмыстары куә. Ата-әжелеріміз тек сөзбен емес, іспен дәлелдеп, елдің керуен көшін алға сүйреп, үлгі көрсетуде.

Желкілдеп өсіп келе жатқан жас ұрпақ алдыңғы толқын ағалардың өнегелі ісін бойына сіңірсе – ел ертеңі жарқын болады. Қариясын сыйлап, төбесіне көтерген елден қасиет-кие айналып өткен емес.

Біздің қарияларымыз – еліміздің алтын қоры, салт-дәстүрдің шырақшылары, патриотизм мен іске адалдықты, асқан төзімділік пен табандылықты қалыптастырушы буын.
Құрметті «Қазына» клубының мүшелері, келе жатқан Халықаралық қарттар күні құтты болсын, араларыңыз сиремесін, жастарымызға үлгі-өнеге боп жүре беріңіздер деген тілегіміз бар.

Алтын ЕРЖАНОВА

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!