Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» бастамасы аясында 1,3 млрд-тан астам көшет егілді
Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауын және Мемлекет басшысының басқа да тапсырмаларын жүзеге асыру аясында елімізде кең ауқымда көгалдандыру және орман алқаптарын көбейту жұмыстары жалғасып келеді. «Мемлекеттік орман қоры аумағына 1 млрд 369 млн көшет, оның ішінде Арал теңізінің құрғаған түбіне сексеуіл көшеттерінің 48,7 млн данасы егілді», — деп мәлімдеді ҚР экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев. Орман шаруашылығын тұрақты түрде дамыту мақсатында былтыр жыл соңында Қазалыда 33 га алаңға жылына 3 млн көшет [...]












