1,5 млрд көшет отырғызылды: Қазақстанда ормандарды қалай қалпына келтіріп, шөлге айналумен күресуде
Үкіметтің қорытынды баспасөз конференциялары аясында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев елді көгалдандыру жөніндегі ауқымды бағдарламаның жүзеге асырылу барысы және орман қорын сақтау жөніндегі шаралар туралы айтты. Ведомство басшысы елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызу бойынша тапсырма толық көлемде орындалғанын – 18,1 млн ағаш отырғызылғанын хабарлады. Орман қорында 2 млрд ағаш отырғызу міндетін жүзеге асыру жалғасуда: 2021-2025 жылдары 1,5 млрд көшет отырғызылды. Келесі жылы 208 млн-нан астам көшет отырғызу жоспарлануда. «Біз ағаш отырғызу көлемін арттырып қана қоймай, бар ормандарды [...]












