Қоғамдық кеңестің қарауындағы сұрақтар
Қостанай аудандық әкімшілігінде аудан әкімі Берік Таңжарықовтың қатысуымен қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтіп, аудандағы қылмыстық жағдайдың жай-күйі және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері мен Тобыл қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы талқыланды. Қостанай аудандық полиция бөлімінің басшысы Талғат Тапаев өткен 2023 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысына тоқталып, кеңес мүшелерін алдағы уақыттағы міндеттермен таныстырды. Полковник Талғат Жоламанұлының айтуынша қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың қатары азайған (82-ден 51-ге). 680 адамды қоғамдық орындарда ішімдік ішкені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартып, сауда орындарының 18 сатушысы мен дүкендердің иелері мезгілсіз уақытта [...]












