Көлеңкелі бизнес қоғамға қаншалықты қауыпті?
Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше жүргізілген мониторинг акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымының ұлғаюын көрсетті. Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сәйкес алкоголь өнімін тұтыну бойынша Қостанай облысы көшбасшылардың бірі (республикада Ақтөбе облысынан кейін 2-ші орын). 2024 жылдың алты айының қорытындысы бойынша тіркелген 104 қылмыстық істің 74-і (немесе 71,15%) іс жүргізумен аяқталды, оның 71-і сотқа жіберілді, 3-і бойынша іс тоқтатылды. Қылмыстық істер бойынша 3 306 491 859 теңге сомасына залал белгіленіп, бұғаттаудың есебінен 4 167 687 875 теңге өтелді. Сонымен қатар, экономикалық және қаржылық [...]












