ЫСЫРАПШЫЛДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДЕРТКЕ АЙНАЛДЫ
Бүгінгі күні қоғамда ысырапшылдық дерті асқынып тұр. Зая кеткен әрбір сәт, бостан босқа жанып тұрған жарықтар, бет алды төгілген тамақтар, тасталған нандар ысырап пен тұтынудың шегі мен дәрежесінің көрінісі. Тіптен қайтыс болған кісінің үйінде жаназасы оқылмай жатып, дастархан жайылу әдетке айналып барады. Қайтқан кісінің жақындары әуелі мейрамхана немесе құрбандыққа шалатын мал іздеп,көңіл айта келген жамағатқа тарататын жыртыстар сатып алумен әлек болады.Тіптен миллиондаған несие алып, қарызға белшесінен батып жатқандар қаншама.Қостанай облыстық «Аймағамбет қажы Спанұлы» мешітінде діни рәсімдерде ысырапшылдыққа жол бермеу [...]












