АЭС болашаққа жұмыс істейді
АЭС туралы айта бастағанда, көлденеңдеп көп сауал алдымыздан шығады. Солай болуы заңды да. Бүгінгі күні Қостанай ауданында қоғамның белсенді мүшелерінен құралған штаб халықпен кездесулер өткізіп, жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Сол штабтың мүшесі ретінде айтарым, АЭС-тің болашақтағы маңыздылығын, қажеттілігін мамандар түсіндіруде. Бұл бірнеше жылдардан бері талқыланып, пайдасы мен зияны өлшеніп қабылданған тарихи шешім. Егер бұл сұрақты бүгін қолға алмасақ, ертең кешігіп қалуымыз мүмкін. Қазіргі уақытта Қазақстанның энергетикалық секторы елімізде өндірілетін барлық электр энергиясының шамамен 70% – қамтамасыз ететін көмір электр станцияларына аса [...]












