Бүгінгі өрен – ертеңгі өркен
Қостанай аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 5 мамырда «Алтын дән» мәдениет үйінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Ер Төстік» батырлар сайысы өтті. Бүгінгі ұрпақ – ертеңгі ел тірегі дегендей, балабақша қабырғасындағы және мектепке даярлық тобындағы балғын бүлдіршін – болашақтың бағдары. Тал шыбықтай майысқан сәттен бастап оған дұрыс ақыл‑кеңес, тәрбие берсек, жақсылық та соған қарай иіледі. Жақсы азаматты тәрбиелеу – тек ата‑ана мен мектептің ғана емес, барлық қоғамның міндеті. Осы ұстаныммен кітапхана жыл сайын ұлттық тәрбиені насихаттайтын сайыстар ұйымдастырады. «Ер Төстік» [...]












