Қазақстандағы алғашқы АЭС: таңдау неге «Росатомға» түсті?
Елімізде алғашқы атом электр станциясын (АЭС) салатын компания анықталды. Ауқымды жобаны іске асыратын халықаралық консорциумға жетекшілік ету мәртебесі – Ресейдің «Росатом» мемлекеттік корпорациясына берілді. Алайда бұл Ресейдің жобаға толық иелік ететінін білдірмейді. Станция бірнеше елдің бірлескен технологиясы негізінде бой көтермек. Таңдау қалай жасалды? Қазақстан атом энергетикасына қатысты шешімді ұзақ жылдар бойы егжей-тегжейлі зерттеп, халықаралық деңгейде сараптап барып қабылдады. АЭС салу бойынша ұсыныстарды әлемдегі жетекші компаниялар ұсынды. Олардың қатарында Ресейлік «Росатом», Қытайлық CNNC,Франциялық EDF, Кореялық KHNP компаниялары бар. Әрбір компаниядан жоба құны, құрылыс [...]












