Ел рухын асқақтатқан Міржақып тойы
Қостанай облысында Алаш арысы Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына орай кең көлемді мерекелік іс-шаралар өтті. Қайраткердің туған жері - Қызбел, Бидайық, Торғай өңірінде екі күнге жалғасқан тағылымы терең, танымдық мазмұны бай той ел рухын көтеріп, ұлттың мерейін үстем етті. Еңселі ескерткіш – ел рухының белгісі Алаш ардақтысы Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойы Қостанай қаласында басталды. Айтулы күнге орай шаһардың қақ ортасындағы облыс әкімдігі ғимараты жанындағы алаңда көрнекті қайраткерге арналған еңселі ескерткіш орнатылып, салтанатты жағдайда ашылды. Салтанатты рәсімге Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен ҚР Парламенті [...]












