Керлинг спорты: зердесі зерек жастар
Керлинг - бір қарағанда, басқа спорт түрлерімен салыстыра келе, өзіндік ерекшелігі бар спорттың түрі. Елімізде керлинг спорты дамып келеді, әрі біздің Қостанай қаласында да соңғы жылдары керлинг спорт түрімен айналысатын жастардың саны айтарлықтай көбеюде. Керлинг - ежелгі спорт ойындарының бір түрі болып есептеледі, бұл ойынның пайда болу тарихы Шотландияда орналасқан Данблейн атты кішкентай қалашықтан бастау алады. Жаңа да таңсық спорт түріне – керлингке – қазақстандық спортшылардың қызығушылығы 2000-шы жылдың басында артқан. Ал 2003 жылдың қараша айында Қазақстан Керлинг Қауымдастығы [...]