Достық кубогы
Тамыры ежелгі Грециядан бастау алатын грек-рим күресі Қостанай ауданында да кең сұранысқа ие. Тарихқа көз жүгіртсек, 40-шы жылдары күрес (еркін және грек-рим) Қазақстанда спорттың түрі ретінде кеңінен дами бастады. Көп ұзамай 1947 жылы біздің еліміздің өкілдері грек-рим күресінен болған бүкілодақтық чемпионатқа қатысты. Қазақ даласының жарқын палуандарының бірі Қайрат Байдосов сол кезде бірінші болып ССРО спорт шебері атағына қол жеткізді. Дәл сол кезде қазақстандық палуандар әлемдік күрес элитасына енді. Грек-рим күресі басқа күрес түрлерімен салыстырғанда өзіндік ерекше стилі мен техникасы бар. Осы бір баһадүрлік [...]