Елімізде арнайы Конституциялық комиссия құрылатын болды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия құру туралы шешім қабылдады. Арнайы Жарлыққа ертең қол қояды, деп хабарлайды Egemen.kz. Президенттің айтуынша, алдағы өзгерістер 2022 жылғы реформадан да ауқымды болмақ. Бұл қадам іс жүзінде жаңа Конституция қабылдаумен пара-пар. «Жалпы, бастапқыда Парламенттік реформа аясында Ата заңның 40-қа жуық бабын өзгерту жоспарланған еді. Алайда жұмыс барысында түзетулер саны әлдеқайда көп екені белгілі болды. 2022 жылғы реформада Ата заңның 33 бабы жаңарғанын білесіздер. Ал, ендігі өзгерістер одан да ауқымды. Біз, шын мәнінде, жаңа Конституция қабылдаумен пара-пар қадам жасағалы [...]












