Қазақстан израилдік ауыл шаруашылығы технологиялары мен су ресурстарын басқару әдістерін зерттейді
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен «Израиль-Қазақстан» сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Михаэль Роэ Қазақстанда агроөнеркәсіп кешенін дамыту және су ресурстарын басқару жөніндегі израилдік тәжірибені қолдану перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Primeminister.kz. Кездесу барысында суару тиімділігін арттыру, суды үнемдеу, тамшылатып суарудың заманауи технологияларын енгізу, аграрлық ғылымды дамыту, сондай-ақ мал шаруашылығында, сүт өндіруде және құс шаруашылығында жаңа тәсілдерді қолдану мәселелері жан-жақты талқыланды. Әлихан Смайылов ҚР Үкіметі серіктестікті кеңейтуге және Израилмен көпқырлы өзара тиімді қарым-қатынастарды нығайтуға үлкен мән беретінін баса айтты. Атап айтқанда, ол елдің ауыл шаруашылығы [...]












